Отбасы құндылығын қастерлеудің болашақ ұрпақ үшін маңыздылығы
Отбасы және отбасының құндылығы қай заманда болмасын бір-бірімен етене тығыз байланысты ұғымдар. Отбасы атты іргетас арқылы адамның барлық өмір жолы қалыптасады емес пе? Отбасы – өмірдің есігін ашқан жаңа адам үшін алғаш мектеп болып табылады. Осы ортада ол сыртқы дүниемен танысып, өмірдің түрлі қиындықтарына төтеп беру үшін өзінің қабілетін қолдануды үйренеді. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады, болашақ өмірі де отбасында санасына сіңірген ілім, рухани және мәдени тәлім-тәрбие, дәстүрлі құндылықтар арқылы қалыптасады, сөйтіп ол қоғамның белді мүшесіне айналады. Тәрбиенің тірегі…







