Дәрігерлердің кәсіптік қызметін құқықтық тұрғыдан қорғау құралдарын енгізу
Ұзақ уақыт бойы ұлттық заңнамада денсаулық сақтау құқығын оны жүзеге асырудың белгілі бір тетіктерін бекітуді талап етпейтін екінші деңгейдегі құқық ретінде қарастырып келді. Осы жағдай құқықты жүзеге асыруға мүдделердің жоқтығы мен инвестициялардың жетіспеушілігіне себеп болды. Дегенмен денсаулыққа құқығын іске асырудың тетіктерін және оның басты элементтерін айқындайтын ережелерді мемлекеттер өз конституциялары мен ұлттық заңнамаларына негізгі және кепілдендірілген құқықтар ретінде енгізген сайын бұл мәселе едәуір өзгерістерге ұшырауда. Мемлекеттер ішінде денсаулыққа құқықты жүзеге асыруға және осы саладағы заңнаманың дамуына мемлекет ішіндегі сот…





