Дәрігердің кеңестері: АИТВ-инфекциясының алдын алу жолдары
АИТВ-жұқпасы — адамның иммунитет тапшылығы вирусының лимфоциттерде, макрофагтарда және жүйке тінінің жасушаларында ұзақ жылдар сақталуының нәтижесінде дамитын, иммундық жүйенің баяу үдемелі ақауымен сипатталатын, науқастың жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромы ретінде сипатталған қосалқы зақымданулардан өлімге әкеп соқтыратын жұқпалы ауру. АИТВ инфекциясының өзіне тән шағымдары жоқ, бірақ ұзақ уақыт бойы қызба, салмақ жоғалту, лимфалық түйіндердің ұлғаюы мүмкін. Ауру біртіндеп басталады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктемесі бойынша АИТВ-инфекциясының 4 клиникалық сатысы бар, ол 1 сатыда симптомсыз ағымынан және ұзақ сақталатын лимфоаденопатиядан салмақтың…





