Медициналық мекемелердегі АИТВ-инфекциясының профилактикасы
Медицина қызметкерлері қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты инфекцияларды жұқтырудың жоғары қауіптілігі бар тобына жатады. Мейірбикелер, дәрігерлер, фармацевттер мен ауруханаларда тәжірибелік дағдыларды игеріп жатқан студенттер де науқастармен тікелей қарым-қатынаста болғандықтан, инфекциялық аурулардың жұқтыру немесе таралуына жол бермеу мақсатында, қауіпсіздік пен профилактикалық шараларды білуі қажет. Осындай инфекциялардың біріне АИТВ-инфекциясы жатады. Инфекцияның жұқтыру қауіптілігі ластанған инелермен және өткір аспаптармен мұқият жұмыс істемегеннен алынған жарақаттар кезінде, сілемейлі қабықтар мен зақымдалған теріге (кесілген жерлер, сызаттар) қанның және биологиялық сұйықтықтардың түсуі кезінде артады. Осылайша, Ауруларды Бақылау Орталығының…







