Заманауи судьяға қойылатын талап
Қазақстандағы сот жүйесін әлемдік стандарттарға барлық параметрлермен сәйкес келтіру мақсатында сот жүйесінде ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осыған орай, судья лауазымына тағайындауға біліктілік талаптар күшейтіліп, үміткерлерді іріктеуден өткізу тетігі қатаңдатылды. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады. Қазіргі таңда, сот актілеріне де қойылатын талаптарда күшейтілді. Ол шешім не үкім болсын,…