ҚАЗАҚСТАНДА АИТВ ЖӘНЕ БАСҚА ДА СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЛАРМЕН АУРАТЫН БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ПСИХО-ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ СТАНДАРТТАРЫ ЖАҚСАРАДЫ
Нұр-Сұлтан қаласында 9 желтоқсан күні — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен «АИТВ және басқа да созылмалы аурулармен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді психо-әлеуметтік қолдау» оқу модулін ұсынды. Тұсаукесер республикалық кеңес барысында, Қарағанды медицина университеті, облыстық ЖИТС орталықтары, Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті. «Қазақстан денсаулық сақтау саласында әсерлі нәтижелерге қол жеткізді, оның ішінде бұл балаларға да қатысты. Сонымен қатар,…






