Медиация дауды шешудің тиімді жолы
Дамыған елдерде даулардың басым көпшілігі медиация рәсімімен шешіледі. Медиация дегеніміз – медиатор адамның жәрдемдесуімен, екі тарапты да қанағаттандыратын, өзара қолайлы бір шешімге қол жеткізіп, арадағы дауды жазбаша келісім жасау арқылы реттеу рәсімі болып табылады. Кез-келген, яғни қарызды өндіру, отбасылық (алимент өндіру, некеге, балаларға қатысты даулар т.б.), көршілер арасындағы, еңбек даулары, мұрагерлік, сақтандыру шарттары, сатып алу-сату, медициналық қызмет көрсетуге байланысты және басқа да дауларды медиация рәсімімен реттеуге болады. Дауды соттан тыс шешуге мүмкіндік бола тұра, мемлекеттік баж төленіп, сотқа талап…





