Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру
Қазақта «Өмір бар жерде өлім бар» деген сөз бар, сондықтан жақын адамның қайтыс болуы әр жанұяның басында болатын жағдай. Басына осындай ауыр жағдай түскенде үйдің күйбелең тіршілігімен жүріп мұрагерлікті қалай рәсімдеуді білмей, немесе кейінге қалдырып жүргенде мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алатындар аз емес. Мұрагерлік – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұрагерлік өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырмаған бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (ары қарай…




