Жыл басынан бері 74 мыңнан астам алматылық тегін дәрі алған
2019 жылдың бастапқы үш айында Алматыда 74 мыңнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Денсаулық саласындағы ақпараттық жүйелерге тегін дәрі алғандар ретінде енген бұл азаматтарға жуық арада SMS-хабарлама жіберілуі тиіс. Хабарламалар тегін препараттарды беру барысын бақылау мақсатында жолданады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы. «Медициналық сақтандыру қоры былтырдан бастап кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тегін берілетін дәрі-дәрмек үшін қаржы аудару тәртібін өзгерткен болатын. Қазір ақша дәрігерлер жазған рецептілер үшін емес, дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен…




