Жоғарғы Сотта несие беру кезінде қарыз алушылардың мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды
Жоғарғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Шәріпов Қазақстан Республикасының банк омбудсмені Д.Нұрпейісовпен кездесті. Жоғарғы Сот дауларды шешу үдерісін жеделдететін, тараптарға ұзақ сот талқылауынсыз өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін беретін дауларды шешудің соттан тыс әдістерін кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Кездесу барысында биылғы 19 маусымда Заңға енгізілген кейбір заңнамалық актілерде несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер талқыланды. Заң азаматтардың мүдделерін қорғау тетіктерін нығайтады және…






