Сөз мәдениетіне үлкен мән берейік!
«Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек» Абай Қазіргі қайсібір заманауи жетілген мемлекеттің болсын кез келген қоғам мүшесінің қашанда өзін-өзі дұрыс ұстануы, тәрбиелі көрінуі, сыпайы сөйлеуі, жалпы алғанда – әдептілігі мен жан-жақты мәдениеті жоғары денгейде болуы абзал. Бұл қағидат — мемлекетімізбен әрқайсымыздың біртұтас абыройымыз. Онымен қоса, қандай да болмасын азаматтың сөз мәдениетіне көңіл бөлгені жағымды қасиет екені айқын. Қысқаша айтар болсақ, «сөз мәдениеті» — әдеби тілдің қоры мен құрастыру талаптарын биік деңгейде игеру, айтылатын ойдың мақсатына сай дәлме-дәл лайықты…








