Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сыбайлас жемқорлықпен күресеміз деп қанша ұрандап жатқанымызбен қанға әбден сіңіп кеткен қазекемнің көрсе қызарлығы, тойымсыздығы қайран қалдырады. Бір алып үйренген қол қайта алғысы келіп тұрады. Өткен жолы бір-екі миллиардтан жымқырса, келесі де аузын кеңге ашады. Ең қызығы бұл жемқорлық кез келген жерден табылады. Кішігірім ауыл-аймақтың өзінің бірнеше саласын жайпап алған. Ал ең сорақысы бұл індет қоғам үшін қалыпты жағдайға айналып барады. Жемқорлыққа қатысты мәліметтерді бір шолып өтсеңіз бұл індеттің әсіресе білім саласында көбірек екенін көруге болады. Жаңалықтарда да бұл…








