Жаңа ауданды «Қараөткел» ауданы деп аталуын ұсынамыз
Астана қаласының әкімдігінің хабарламасына сай, халық санының өсуіне және аумақтың қала құрылысы инфрақұрылымының белсенді дамуына байланысты, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық басқаруды оңтайландыру мақсатында Астана қаласында Алматы ауданын қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданған. Осыған байланысты Алматы ауданын екі бөлікке бөлу көзделіп отыр. Келешекте Алматы ауданы өзінің тарихи атауын сақтайтыны заңды, ал екінші ауданның атауы туралы ұсынысымызды тұжырымдап, Астана қаласының әкімі мен мен Астана қалалық маслихат депутаттарының назарына ұсынамыз. Ол үшін әуелі Астана қаласының ықылым заманнан бергі тарихына көз жүгіртейік. Белгілі ғалым Ж.Артықбаевтың…








