Жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестердің заңсыз айналымы
Қазіргі қоғамда жасөспірімдер арасындағы есірткі, психотроптық заттар, сол тектестердің заңсыз айналымы өзекті әрі күрделі мәселе. Буыны қатпаған жеткіншектің оңай жолмен ақша тапқысы келгені, оның жауаптылығын білмеуі, психологиялық үгіт-насихатқа сенуі үлкен даулы мәселеге әкеліп отыр. Бұған әсер ететін көптеген факторлар бар. Оның басты себебі әуестіктен басталады. Жасөспірімдер иланғыш, өз іс-әрекеттерінің салдарын дұрыс түсіне алмайды. Осы жағдайларды болдырмаудың алдын алудың негізі үйдегі тәрбие мен қоршаған ортаның ықпалы. Адам нашақорлыққа келесідей жолдармен келеді және олардың бейімділігін арттыратын жағдайлар мыналар: ата-ананың баласын қадағаламауы,…









