Пара алу да, беру де күнә
Парақорлық сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті көріністерінің бірі болып табылады. Сондықтан қатаң қылмыстық жауапкершілікке пара алатын шенеуніктермен қатар, пара беретін тұлғалар да тартылады. Олар пара бергені үшін ең ауыр жаза ретінде 15 жылға бірден сотталады және сыбайластықпен жинаған арам дүниесі де түгі қалмай тәркіленеді. Лауазымды адамның қорқытуымен Пара берген немесе өз еркімен құқық қорғау органына хабарлаған Пара беруші қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Пара алу бостандық пен болашақтан айырады Сыбайлас жемқорлық — бұл мемлекет қауіпсіздігіне жүйелі қауіп, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп…









