Медиацияны қолдану және оның артықшылықтары
Кең дала тарихында әділеттілікті сақтауға, құқықтық қатынастардың және мәдениеттің дамуына билер белсенді ықпал етті. Қазақ халқында әрқашанда қайталанбас, біртуар тарихи тұлғалар, шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері ғана би атана алған. Билер халықтың сенімді өкілі, халықтың ары болып табылған. Ал, сол билердің халық алдындағы беделі, оларды халықтың мойындауымен артып отырған. Ал, өзі сыйлаған, өзі дәріптеген, әрі мойындаған адамның билігін ешкімнің бұзбайтыны, өз кезегінде тәуелсіз әрі әділетті сот төрелігін жүзеге асыруға негіз болғаны даусыз. Олар қазақ құқығының басты жүктеушісі және…








