Медиация – мәміле алаңы
2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация» туралы Заң қабылданады. Аталған Заңға сәйкес, Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі – медиация енгізілді. Қазіргі заманда дау көбейді. Оған бірден бір себеп – меншік түрлерінің молаюы, нарықтық қатынастардың орнауы және халықтың құқықтық сауаты мен талабының артуы. Азаматтар кез келген ұсақ түйек дау шармен сотқа жүгінетін болды. Облыс, аудандар бойынша сотқа түскен істердің 35 пайызын ұсақ түйек дау – шарлар құраған. Мысал ретінде, Маңғыстау облысын алатын болсақ. Маңғыстау облысында өткен жылы 5 айдың ішінде…







