Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру тәртібі
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру кешенді құқықтық институт болып табылады. Оларды қолдану мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі — ҚК) 72, 73, 86 және 87-баптарымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 476, 477, 478 және 480-баптарымен және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі — ҚАК) 161, 162 және 169-баптарымен белгіленген тәртіппен шешіледі. Жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру және жазаны өтеуден шартты түрде…









