АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен таралуының алдын алу
АИТВ-инфекциясы дегеніміз не? АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын жұқпалы ауру, ол ағзаның қорғаныс жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына әкеледі. АИТВ негізгі үш жолмен жұғады. Атап өтетін болсақ, жыныстық жолмен, қан арқылы, АИТВ-ға оң нәтижелі анадан балаға жұғады. Соның ішінде соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы жұқтырудың жаңа жағдайлары көп тіркелуде. Жыныстық қатынас кезінде АИТВ жұқпасы әйелден еркекке қарағанда, еркектен әйелге әлдеқайда жеңіл және жиі беріледі. Әйелдердің жұқтыру қаупі аналды секс немесе қынап аурулары болған кезде айтарлықтай артады. Сондай-ақ, тұрақсыз…









