Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотында құқық қорғау органдарының өкілдері мен Орал қаласының прокуратура өкілдерінің қатысуларымен «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі және мемлекеттік тілді қызмет бабында қолданудың маңыздылығы» аясында дөңгелек үстел өтті. Кеңсе бас маманы Гульмира Темиргалиева дөңгелек үстелді аша отырып, өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтіп, күнделікті қаралып жатқан істердің қазақ тілінде қаралуының саны мен сапасын арттыру қажеттілігін атап көрсетті. Дөңгелек үстел барысыныда жетекші маман Альмира Уюмдасова өз баяндамасында мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының…









