Дәстүрлі билер институты – заманауи соттың негізі
Қазақ халқының өмірінде билер институтының орны әрқашан ерекше болды. Себебі, қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттік саясат пен құқықтық нормалардан бөлек, салт-дәстүр мен әдеп қағидаларына негізделген шешімдер қабылданып, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды. Би – дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі. Халық билердің билік жүргізуін мойындады. Шын мәнінде осының өзі, бидің төрелікті еркін жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Билер құқықтық нормаларды жүзеге асырушылар болып табылды. Олар қолданыстағы заңдардың білгірлері, заңды түсіндірушілер, реформаторлар мен заң шығарушылар, хандар мен…








