Сыбайлас жемқорлыққа қауқарлы күрес қажет
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2015 жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңның мақсаты- азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып…







