Алаяқтың құрбаны болмаудың жолдары
Қазіргі таңда алаяқтық қылмыстың кең таралған түрлерінің бірі болып қала береді. Цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтар азаматтардың сенімін, жеткіліксіз ақпараттануын және психологиялық қысымды пайдалана отырып, алдау тәсілдерін үнемі жетілдіруде. Соның салдарынан әртүрлі жас пен әлеуметтік топтағы адамдар алаяқтардың құрбанына айналуда.Ең кең таралған тәсілдердің бірі — өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын тұлғалардың телефон арқылы хабарласуы. Олар шот бойынша күмәнді операциялар, несие рәсімдеу әрекеттері немесе картаның бұғатталуы туралы жалған ақпарат береді. Осыны сылтау ете отырып, азаматтардан SMS арқылы келген кодтарды, банк…









