Легионер қазақ абыройын ешқашан көтермейді
Абырой ердің қуаты! Мақал Тақырыбымыздың беташары ретінде бір өмірлік мысал қалың жұртшылққа терең ой салар деген үміттемін. Сонымен, 1973 жылы күз айлардың бірінде Мәскеу қаласының Аспирантар мен стажерлар үйінің (Дом аспирантов и стажеров — қысқаша ДАС-деп аталатын) бір бөлмесінде, ғылымға бет алған бір өзбек, тәжік, құлағымыз естімеген дағыстанның лак халқының өкілімен бірге біз, екі алматылық, бір айдай, сыйласып тұрдық. Басымыз біріккенде, әр саланың басын қайтарып, әңгіме-дүкен құратын едік. Бірде өзбек азаматы бізге: -Сіздердің Қонаев қазақ емес — дегені мені…








