Тәуелсіздікпен бірге түлеген сот жүйесіндегі табыстар
Батырлардың күшімен, билердің даналығымен, хандардың ел басқару шеберлігімен сақталып, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан қазақ жерінің өзге мемлекеттерге ұқсамайтын дара келбеті Тәуелсіздік туының желбіреуінен бастау алды. Ел тарихына көз жүгіртсек, XV ғасырда Керей мен Жәнібек хандар негізін қаланған Қазақ хандығы өз дамуы мен өрлеуі жолында талай оқиғалар мен қанды шайқастардың куәсі болды. Халық арасынан шыққан ерен тұлғалар биік арманға қол жеткізу мақсатында қолынан келгенін аямады. Рух пен намыс көтерген тарихи оқиғалар соның айқын айғағы бола алады….









