Президенттік жастар кадр резерві – жарқын болашаққа бастайтын жоба
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған, өркениет көшінен лайықты орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші – жастар екені сөзсіз. Бүгінгі таңда жастар ел дамуының қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне айрықша үлес қосып келеді. Жастардың әлеуетін тиімді іске асыру мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде Президенттің жастар кадр резерві жобасы іске асырылуда. 2019 және 2021 жылдары өткізілген іріктеу нәтижесінде резервке 350 адам іріктелді. Бүгінгі…








