Алаяқтық әрекеттен сақтан!
Алаяқтық дегеніміз – бұрынғы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап келе жатқан қылмыстардың түрі. Ол қоғамның жағдайына байланысты түрленіп, дамып, жаңа сипатта көрініс беріп жатады. Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа бір сипаты – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Алаяқтық қылмысы әртүрлді тәсілдермен жасалады. Алдау немесе сенімді теріс пайдалану зиян келтірудің тәсілдеріне мыналар жатады: Құмар ойындарын ойнағанда әртүрлі айла қолдану, жасанды асыл бұйымдарды сату, өздерін құқық…








