Сатыбалды Дәулеталин: «Референдум – халық үшін ел болашағын айқындайтын бірегей мүмкіндік»
Бүгін, 18 мамырда Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының референдумды қоғамдық қолдау Республикалық штабының отырысы өтті. Отырысты ашқан ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер туралы еңбеккерлерді хабардар етудегі, азаматтардың санасында ел болашағы үшін жауапкершілікті күшейтудегі кәсіподақ қозғалысының басты рөлін атап өтті. «Алдағы референдум – еліміз үшін маңызды қадам. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ірі қоғамдық ұйым ретінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруда халықтың еркін білдіруге бағытталған тәуелсіз…









