Әкімшілік сот ісін жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалуда
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Конституцияның 25-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалатыны, заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берілетіні белгіленген. Қоғамымыздағы әр адам өзінің тұрғын үйі болуы үшін әрекет жасайды. Әкімшілік орган мен азаматтар арасында туындайтын тұрғын үй даулары әлеуметтік дұрыс шешімді қабылдау тұрғысынан өзекті болып келеді. Жанжалдың өткірлігі…








