Балалар құқығын қорғау және ата – аналардың міндеттері
Отбасы –қоғамның алғашқы ұясы, барлық әлеументік тіршіліктің тірегі. Ол ұлт болып қалыптасудың бірден-бір негізі. Отбасы бақытының басты шарттарының бірі — өсіп келе жатқан жас ұрпақта. Ата-аналар өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған және көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмлеттік жасқа толмаған балаларын асырауға міндетті. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен өздерінің міндеттерін орындауын заңды тұрғыда қарайтын болсақ, балалар кәмлеттік жасқа толғанша ата-аналық құқықтарға мыналар жатады: баласын тәрбиелеу оның денсаулығына қамқор болу, балаларының орта дәрежелі білім алуы, олардың мүддесінің өкілі болу және қорғау, басқа адамнан…









