Сот отырысының хатшысы болу — абыройлы міндет
«Небір ауқымды ізгі істер көзге түсе қоймайтын әрекеттерден құралады» (Цицерон) Егер тарих шымылдығын түріп, «хатшы» деген сөздің түп-тамырына үңілер болсақ, ең алдымен хаттаушы немесе жылнамашы деген сөздердің ойға оралары анық. Осы кәсіпті иеленген адамдар туралы деректер де мол. Хатшылар данышпан, ел билеуші адамдардың қасында жүріп, олардың бұйрықтары мен жарлықтарын қағаз бетіне түсірді. Олар оны жай ғана қағаз бетіне түсіріп қойған жоқ, болған жайдың бәрін хронологиялық тәртіппен мұқият тіркеді. Небір оқиғалардың айна-қатесіз ұрпақтан ұрапаққа өзгермей қаз-қалпында жетуі осы хатшылардың жазу…









