Мал ұрлығына байланысты заңдағы өзгерістер
Ежелден қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен өте тығыз байланысты, сондықтан да мал негізгі байлық болып есептелген. Қазіргі уақытта да мал ұстап отырған ауыл тұрғындары қолдарындағы мал басын азайтпауға тырысады. Өйткені, бағып отырған малының тұрақты сақталуы отбасының алдағы уақытта алаңсыз өмір сүре алатындығының кепілі. Заңға сай ешкім өз мал-мүлкінен еріксіз айырылуға тиісті емес, меншік құқығы заңмен қорғалуға жатады. Бұрын мал ұрлаумен күресті мемлекет негізінен меншікті қорғайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнамаларды қолданып, оларды басшылыққа алып жүргізіп келді, яғни, мал ұрлығы басқа…









