Онлайн сот отырыстары цифрлы жүйе арқасында дамуда
Еліміздің сот саласында заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігі кеңінен пайдаланылуда. Соттар өндірісіне заманауи цифрлық озық технологиялар, дыбыс-бейне жазбалар, іс қағаздары мен хат-хабарларды жүргізудің электрондық қызметтері енгізілді. Бүгінде республикадағы барлық сот толықтай ғаламторға қосылған. Сот төрелігі сақтық шаралары ұйымдастырыла отырып жүзеге асуда. Жаңа технологиялардың артықшылығын Судьялар қауымының VIII съезінде Мемлекет басшысы айрықша атап, ел соттарының қиын жағдайға қарамастан азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қорғағанына тоқталды. Бұған қоса президент: “Ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтықтан жүргізу форматына жедел көшірілді. Сот процесстерін онлайн режимде…