ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫС 30%-ҒА АЗАЙДЫ
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзинмен сұхбат Арманбек Хәкімбекұлы, Жамбыл облысындағы криминогендік ахуалға тоқталсаңыз, қай қылмыс түрлері азайып, қай қылмыс түрлері көбейді? Жалпы, облысымызда қылмыстық ахуал тұрақты десек болады. Біздің ұжымның бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде қылмыс деңгейінің төмендеуіне қол жеткіздік. Жыл басынан бері қабылданған шаралардың қорытындысымен өңірімізде қылмыстар саны 30 пайызға азайды. Ауыр және аса ауыр қылмыстар азайып, олардың ашылу көрсеткіші артты. Кісі өлтіру, қарақшылық, алаяқтық, интернет-алаяқтық, мал ұрлығы, пәтер ұрлығы, қалта ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян…