Зейнеткерлер емханаға өтініш жазу арқылы тіркеле алады
Бұдан былай еліміздегі бірқатар азаматтар медицина ұйымдарына қағаз форматта өтініш жазу арқылы тіркеле алады. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шешімді электронды үкімет порталы арқылы тіркелу кезінде туындаған проблемаларды реттеу мақсатында қабылдап отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін емханаларға 2019 жылдың 1 қазанынан бастап бірнеше санаттағы азаматтарды қағаз форматта жазылған өтініш арқылы тіркеу туралы тапсырма берді. Аталған санаттардың арасында зейнеткерлер, мүгедектер, балалық шағынан мүгедек саналатын тұлғалардың (соның…