Ағымдағы жылдың басынан бері Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдің 9 мемлекеттік органында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау экология, туризм, кәсіпкерлік, ветеринария, сәулет және құрылыс, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі салаларын қамтыды.
Талдау қорытындысы бойынша нормативтік-құқықтық базадағы және ұйымдардың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша бірқатар ұсынымдар енгізілді. Олардың 93% — ы орындалды, қалғандары орындалу үстінде.
Қазіргі уақытта сыртқы талдау аумақтық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметінде жүргізілуде.
Айта кету керек, проблемалық аймақтарды белгілеу ғана емес, сонымен қатар талдау барысында анықталған ескертулерді, әсіресе құқықтық актілердегі олқылықтарды жоюға қол жеткізу маңызды.
Биылғы жылы жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары бойынша 7 НҚА-ға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қол жеткізілді, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың осы құралын қолданудың тиімділігін куәландырады.
Мәселен, Экология департаментінің қызметін талдау барысында нұсқамалардың, оның ішінде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы нұсқамалардың тармақтарын орындау мерзімдеріне, сондай-ақ келтірілген залалды өндіріп алу тұрғысынан сотқа талап арыз беруге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Енгізілген ұсынымдар қорытындысы бойынша Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүргізу тәртібі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілді.
Сондай-ақ, Облыстың Энергетика және ТКШ басқармасында тәуекелдерге талдау жүргізу кезінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының жоқтығы анықталды, бұл мемлекеттік қызмет көрсету сапасына теріс әсер етуі және бизнес-процестердің бұзылуына әкелуі мүмкін. Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жүргізген жұмыстың нәтижесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен осы мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту болды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта орталық деңгейде ұйымдардың сыртқы талдау ұсынымдарын міндетті орындау институтын заңнамалық енгізу мәселесі пысықталуда.
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
Ақмола облысы бойынша
департаменті