Әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу

Сот — құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы айрықша білім, өйткені, оған ғана Конституциямен сеніп тапсырылған және тек ол ғана Қазақстан Республикасының атынан сот төрелігін жүзеге асырады. Сот төрелігін іске асыра отырып, сот өзіне заңмен жүктелген өкілеттіктерге сәйкес әскери қызметшілер арасында құқықтық тәрбие жұмысын жүргізеді.
Әскери ортада құқықтық тәрбиені орнатудың маңызы зор:
Біріншіден, жеке құрамда жоғары құқықтық сананы қалыптастыру және құқықтық нормаларға қадірлі қарым-қатынаспен қарауы тиіс.
Екіншіден, Жауынгерлердің санасында заңның талаптарын қатаң сақтауға, әскери жарғыларды әскери антты бұзбауды дағдыға, сондай-ақ әр қайсысының жеке арына, борышына айналуы тиіс.
Үшіншіден, әрбір жауынгердің ойында өз еркімен құқықтық нормаларды орындауы және оларды орындамаған жағдайда тәрбиелік іс шаралар арқылы оны орындауға міндеттеу болып табылады.
Әскери соттар Қазақстан Республикасындағы сот органдарының құрамдас бөлігі бола отырып, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда сот төрелігін іске асыру жөніндегі айрықша міндеттерді шеше отырып, жеке құрам арасында тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыспен айналысатын олардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Судьялардың қолданыстағы заңнаманы түсіндіруі, өз кезегінде әскери қызметшілердің күнделікті өмірде туындаған көптеген мәселелерін шешіп, оларға құқықтық салада дұрыс бағыт бағдар береді.
Гарнизондардағы әскери соттардың әскери қызметшілер арасындағы қылмыстар мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алудағы құралдарының бірі, сөзсіз, әскери судьялардың әскери бөлімшелердің жеке құрамымен құқықтық тақырыптар бойынша дәрістер мен әңгімелер өткізу мақсатында кездесуі болып табылады. Сонымен қатар, алдағы уақытта қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін бұйрықпен жеке құрамға жария ету үшін жолданады. Жеке құрамға жариялағаны туралы бұйрық және үкім орындалғаны туралы хабарлама 3 тәуліктен кешіктірілмей әскери сотқа келіп түседі. Көшпелі сот процесстері өткізіледі және әрбір азамат сот төрағасының қабылдауында бола алады.
Бұл іс-шаралар негізінен әскери қызметшілерді тәрбиелеуге, оларды заңға деген құрмет сезімін оятуға, қоғамда белгіленген құқықтық тәртіпті сақтауға шақыруға бағытталған. Бұл ретте әскери қызметшілердің құқықтық хабардарлығы белгілі бір дәрежеде олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді және ықтимал салдарлар туралы білу, өз кезегінде әскери жарғылардың талаптарын бұзудан сақтандырады.

Қ.А.Қувандикова
Ақтөбе гарнизоны әскери
соты әкімшісінің бас маманы