Алқаби — әділет жолындағыазаматтық жауапкершілік!
Қазақстан Республикасының сот жүйесінде алқабилер институтының рөлі ерекше. Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» заңына сәйкес, алқаби — сот тарапынан қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы.Алқаби – бұл қылмыстық істер бойынша сот процесіне қатысып, үкім шығаруға атсалысатын қарапайым азаматтардан құралған алқалы топ. Олар сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екенін анықтауға көмектеседі. Бұл — халықтың сот билігіне қатысуының нақты көрінісі.Алқабилерге кандидаттардың бірыңғай тізімі соттың сұрау салуымен Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның…









