Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар. Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді…









