Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар
Сот әділеттілігін қамтамасыз ету мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін цифрлық технологиялар мен заманауи әдістер кеңінен енгізілуде. Нәтижесінде еліміздің сот саласы жетілдіріліп, адам құқығын қорғау деңгейі арта түсті.Цифрлық технологиялар дамуы сот саласын да айналып өткен жоқ. Соңғы жылдары көптеген елдерде сот ісін онлайн режимде жүргізу тәжірибесі енгізілді. Онлайн сот процестері азаматтарға сот залында болуды талап етпей-ақ, қашықтықтан қатысуға мүмкіндік берді. Қазақстанда да «Цифрлық сот» жобасы аясында онлайн сот процестері іске қосылды. Бұл әдіс уақыт үнемдеу мен әділеттіліктің жылдам орындалуын…









