Алқабилердің әділдігі қоғам үшін маңызды

Кез келген адамның құқығын әділ қорғай алу – мемлекеттің міндеті. Осы мақсатты заң аясында орындау үшін шынайы сот төрелігін жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда.
Ал еліміздің дамуындағы экономикалық, демократиялық жетістіктер мен өске¬лең заман талабы сот төрелігін жүр¬гізу¬де тың үлгілерге жол ашуына мүм¬кін¬дік берді. Соның бірі ретінде алқа¬би¬лердің қатысуымен сот ісін жүргізу тәжірибеге енді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған «Алқаби¬лер туралы» Заң қылмыстық сот ісін жүргізуге алқабилердің қатысуына бай¬ланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін, алқабилердің құқықтық мәрте¬бе¬сін, тәуелсіздігінің кепілдіктерін, олар¬дың қызметін қамтамасыз етудің құқық¬тық, экономикалық және ұйымдас¬тыру¬шылық негіздерін айқындайтын болды.
Алқа билер соты жазаны жеңілдетуге мүмкіндік əрі аса ауыр қылмыстық істерді қарастыруда əділ соттың кепілі ретінде əрекет жасайды. Алқа билердің қатысуымен істерді қарау — демократия қағидаларының жарқын көрінісі. Мемлекет үшін адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылса, алқа билер соты Ата Заңымызбен бекітілген осы негізгі құндылықтарды қорғауга бағытталған. Алқа билер тиісті заңды басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның, кінəсі немесе кінəсіздігі туралы кесім шығаратын халық өкілдерінің соты болып табылады.
Бір сөзбен айтқанда, алқа билердің сот істеріне қатысуы — Конституцияда көрсетілген соттардың адам тағдырын шешудегі жəне азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы кызметінің халық ортасында əділдіктің, заңдылықтың үстемдігін паш етуінің айқын көрінісі болмақ. Қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарау сот жүйесін реформалауда қол жеткен жетістіктердің маңыздысы деп түсіну керек. Алқа билердің қылмыстық сот үдерісіне қатысуы қылмыстық істер бойынша адам тағдырын жан-жақты зерттеп, зерделеп, əділ шешім шығаруға өзіндік үлесін қосатыны сөзсіз. Алқа билердің əділдікті орнатудағы бірден-бір қаруы — ұшқыр таза ой, өмірлік білім мен тəжірибе болғандықтан, осы институт сот төрелігін əділеттіліктің шыңына жеткізеді деп сенеміз.
Ең бастысы, ал¬қабилер қа¬ты¬суымен қаралатын сот процестерінің ізгілікті және әділдікті арқау ететіні халыққа үлкен сенім ұя¬ла¬тады.

Қ.М.Опиева
БҚО, Бөкей ордасы аудандық
соты Әкімшісінің басшысы