Мемлекеттік тілдің мәртебесі артуда

«Барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» еліміздің мемлекеттік тілі –қазақ тілі екені баршаға белгілі
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақша білмейтін, ана тілінде сөйлей алмайтын жандар өзінің білместігіне қысылып, ақталып жататын. Оған кеңпейілдік танытып,түсіністік көрсетіп келгенімізде рас. Әлбетте, демократиялық қоғамда белгілі бір тілге мемлекеттік мәртебе беру өзге тілдерге қысым көрсету дегенді білдірмейді. Бұл туралы еліміздің «Тіл туралы» заңында да нақты айтылған.
Бүгінде жерімізде қоныстанған барлық ұлттардың тілін сақтай отырып мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары мемлекеттік қызмет, қоғамдық – саяси, кәсіпкерлік саланың барлығында қолданысқа енгізіп, елімізде өмір сүріп жатқан жандардың өмірлік қажеттілігіне айналдыруға күш салынуда. Атап айтқанда, Республика Президенті мен Парламент палаталары төрағаларының мемлекеттік тілді міндетті түрде еркін меңгеру, мемлекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдалануы, мемлекттік органдардың мөрі мен мөртаңбадағы атауларының, мемлекеттің егемендігін айқындайтын мемлекеттік белгілердің қазақ тілінде жазылуы, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланктері мен басылымдарында,ұлттық валютада және өзге де мемлекеттік бағалы қағаздарда, республика азаматтының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемекеттік атынан берілетін өзге де құжаттарда, мемлекеттік тілге, яғни, қазақ тіліне басымдық берілді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру ең алдымен мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге байланысты.
Тәуелсіздігімізді сақтап, егемен елімізді ныгайта беру үшін бізге ең әуелі бірлік қажет. Ал тіл бірлігі болмаса, түсіністікке қол жеткізу қиын.
Сондықтан, халықтар арасында бірлікті ұстап тұратын мемлекеттік тіл мәселесінің тым өзекті екені дау тудырмаса керек. Өткенін ұмытпай барын бағалайтын, өз ерекшелігін сақтай білетін халық қана ұлт ретінде жойылмайды.

А.Искакова,
БҚО, Жаңақала аудандық
соттар әкімшісінің басшысы