
Ал мектеп бітіру — сол арманға бастар алғашқы маңызды қадам.
Бұл — жаңа мүмкіндіктер мен үлкен таңдау кезеңі.
Қай мамандықты таңдау керек?
Өмірде өз орныңды қалай табуға болады?
Ересек өмірге қалай сенімді қадам басуға болады?
Балалар ауылдарының, балаларды қолдау ұйымдарының және Жастар үйінің тәрбиеленушілері үшін бұл сұрақтардың маңызы ерекше.
Себебі өз бетінше өмір сүруге дайындық — тек білім алумен шектелмейді.
Бұл — өз күшіңе сену, адамдармен еркін қарым-қатынас жасау, өз мүмкіндіктеріңді тану және болашағыңды саналы түрде жоспарлау.
Осы мақсатта «Samruk Umiti» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жасөспірімдерге болашақ мамандығын таңдауға, әлеуметтік дағдыларын дамытуға және дербес өмірге дайындалуға көмектеседі.
«Samruk Umiti» жобасы 2025 жылдан бастап «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры мен «Jelken foundation» қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асырылып келеді.
Жобаның маңызды бағыттарының бірі — кәсіби бағдар беру.
Жасөспірімдер мамандықтар әлемімен тек теория жүзінде емес, іс жүзінде танысады. Олар кәсіпорындар мен ұйымдарға барып, түрлі сала мамандарының жұмысын көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алады.
Павлодар қаласында жоба қатысушылары Павлодар мұнай-химия зауытына, «Қазпошта» АҚ-ға, «Қазақтелеком» АҚ-ға, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға және «KEGOC» АҚ-ға барды.
Ал әлеуметтену бағыты аясында жасөспірімдер заңгерлермен, дәрігерлермен және волонтерлермен кездесіп, мұражайларға, радиостудияларға, «ERG Service» ЖШС-не және басқа да ұйымдарға барды.
Әр кездесу — жаңа әсер.
Әр мамандық — жаңа мүмкіндік.
Әр қадам — болашаққа жақындай түсу.
Осылайша, «Samruk Umiti» кәсіби бағдар беруді, әлеуметтенуді және тәлімгерлікті жасөспірімдерді қолдаудың біртұтас жүйесіне біріктіреді.
Жоба қатысушылары нақты кәсіби мүмкіндіктермен танысып, өз күштерін сынап көруге, шешім қабылдауды үйренуге және біртіндеп өз болашағына жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік алады.
Жобаның басты нәтижесі — тек колледжге түсу немесе мамандық таңдау емес.
Ең маңыздысы — жастардың бойында өз мүмкіндіктеріне деген сенімді қалыптастыру.
Олардың таңдауы бар екенін, жаңа мүмкіндіктерге жол ашық екенін және өз болашағын өздері құруға құқылы екенін сезінуі.
Өйткені әр жас — өз жолын таңдауға лайық.
Ал сол жолға жасалған алғашқы сенімді қадам болашақты өзгерте алады.
«Samruk Umiti» — өз жолыңды табуға, өз таңдауыңды жасауға және үлкен өмірге сеніммен қадам басуға мүмкіндік беретін жоба.
Өйткені болашақ — бір күнде қалыптаспайды.
Ол бүгін жасалған кішкентай қадамдардан басталады.
«Samruk Umiti» — болашаққа бастар қадам.
ОФ «Jelken foundation»