Отбасы құндылығы бастықазына
Отбасы құндылығы – мемлекеттің ұстанып отырған басты саясаты. Шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Отбасы – бұл сыйластық, жарастық орнаған орта, шағын мемлекет іспеттес. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Сондықтан одан берілетін тәрбие мен әдет-ғұрып, дәстүрдің сақталуы ерекше мәнге ие. Алайда, бүгінде түрлі себептермен шаңырақтар шайқалып, бала тағдыры мен тәрбиесіне өз деңгейінде көңіл бөлінбей жатқындығы жасырын емес. Бұрынғы ата-бабамыз ерекше қастерлеген отбасылық құндылық мәселесі неге төмендеп кетті ?Әрқайсысының өз дәлелі бар. Бірі тұрмыстық жағдайды…