1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз – еліміздің Конституциясы қабылданды. Бұл күн «Қазақстан Республикасының мерекелері» Заңына сәйкес мемлекеттік мерекелер тізіміне енген болатын. Республика Конституциясының күні – барлық Қазақстан халқы мерекелейтін жалпы мемлекеттік мейрамы болып табылады және елдің тәуелсіз тарихында құрметті орын алады.
Конституцияның логикалық құрылымы мен қойылған міндеттерін талдап қарайтын болсақ, әлемнің өркениеттік ортасындағы заңдылық тәжірибесінің ең жоғары заңдық күші бар және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына тікелей жарасымды екенін көруге болады. Мұның өзі Конституциялық нормалар мен заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық талаптардың, ережелердің үстем екендігін көрсетеді.
Ата Заңда құықтық мемлекеттің қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның рухани ұстанымы және саяси әр алуандығы, халық билігін жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық жүйелердің қызмет етуі әлемдік өркениет аясына сәйкестендіру міндеті анықталған. Осы орайда Конституция шеңберлері тұрақты, жалпы мәнді ұзақ мерзімге бейімделіп тұжырымдалған.
«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулыққа берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деп Ата Заң кіріспесінде баяндалған және негізгі бөлігінде азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, Конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындар жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелігі, жергілікті мемлекеттік билік буындары және өзін-өзі басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.
Биыл Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы – Конституцияның қабылданғанына 24 жыл толады. Аталған таризи кезеңде республика, оның азаматтары сан-қилы және маңызы зор экономикалық, әлеуметтік-саяси модернизация аясындағы бағдарламаларды қабылдап, барынша іске асырылып жатыр.
Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын сот жүйесінің одан әрі жаңғыруы бөлігінде жариялау және жүзеге асыру барысында аудандық сотпен сот жүйесінде қолданылып жатқан ақпараттық сервистер, сот процестерінің аудио-бейне жазбалары, тараптарды электронды түрде хабарлау, «Сот кабинеті» сервисі, «Электронды қылмыстық іс», «Smart-сот», «Түнгі сот» пилоттық жобалары іске асып жатқандығын айтқым келеді.
Шекенова А.
Мұғалжар аудандық сотының
бас маманы