Сондай-ақ, жіберілген SMS-хабарламаларында жеке тұлғалардың шоттарында қалыптасқан берешек және артық төлемдер сомалары қоса көрсетілуде.
SMS – хабарламалар тарату қызметі пилоттық режимде жеке тұлғаларды салық міндеттемелері туралы уақтылы хабардар ету мақсатында іске қосылды.
Бұл үрдіс құзырлы органдардың ақпараттық жүйелер мен деректер қорының бірігуі арқылы мүмкін болды.
SMS-хабарлама жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың жедел жеткізілуіне кепілдік береді. SMS-хабарламалардың тағы бір артықшылығы — барлық ұялы телефондарды пайдаланушыларды, оның ішінде, қарапайым (пернелі) ұялы телефондардың иелерін қосатын үлкен аудитория.
Сондай-ақ, жеке тұлғаларға осындай хабарламалар Қазақстан Республикасының ең ірі банктерінің бірі — «Kaspi Bank» АҚ мобильді қосымшасы арқылы жіберіледі.
Сонымен бірге, салық органдары 2018 жылға есептеген және 2019 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге жататын салықтар сомасы (мүлік салығы және жер салығы) туралы хабарламалар Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің курьерлік қызметі арқылы да жіберілді. Сонымен қатар, хабарламалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушілер кабинеті» қызметін пайдаланушыларға электронды түрде жіберілді.
Сондай-ақ, жеке тұлғалар 2018 жыл үшін жер және мүлік салықтары бойынша ақпаратты «Egov» порталының «Салық және қаржы» бөлімінің «Жеке тұлғалардың алдағы төлемдерін көру және төлеу» қызметінде, kgd.gov.kz сайтындағы «Барлық қызметтер» бөліміндегі «Мемлекеттік кірістер органдары есеп жүргізетін алдағы төлемдер мен берешектің жоғы (бар) туралы ақпарат» ала алады, сонымен қатар, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына шағымдана алады немесе 1414 нөміріне сағат 09:00-18:30 аралығында Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерімен байланыса алады.
Жеке тұлғалар кез-келген ыңғайлы жолмен салық төлей алады: екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банкоматтар мен төлем терминалдарында банктік карталарды қолдана отырып www.kgd.gov.kz сайтындағы электронды қызметтерді пайдалана отырып.
Анықтама үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының ақысыз нөміріне — 1414 жүгіне алады.
Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық департаменттерінде анықтама бере алатын мамандар анықталды. Олардың байланыс нөмерлерін www.kgd.gov.kz/sites/default/files/svod_operatorov_po_ugd_25_09_2019_0.xlsx білуге болады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер
комитетінің Баспасөз қызметі