Еліміз егемендік алғалы бері қазақ мультипликациясы бүгінгі күнге дейін дамымай келе жатқаны бәрімізге мәлім. Балаларды жастайынан ой қабілетін дамытуға, тәрбиеге, достық пен адалдыққа, өз елінің тарихы мен ұлттық құндылықтарын уйретуге арналған қазақ баласын сүйсіндіретін
қазақ мультипликациялары аз десе болады. Қазіргі таңда отандық телеарналардын экранынан шетелдік анимациялар туындылары артып бара жатқанын да көріп отырмыз. Шетелден алынған анимациялар туындылары қазақ баласына ұлттық тәрбие бере алмайтынын, оның кері әсері бар екендігі де белгілі. Қазір шетелдік мультипликациаларды алып, оны аудармашылар арқылы қазақ тіліне аударып көрсетілімге ұсынса да, балаларға қызығушылық тудырмай отыр. Қазақ халқының әдебиеті мен тілінің байлығы мол болса да, отандық көрсетілімдердің саны мен сапасы төмен екендігі көпшілікті алаңдатуда. Неге? Мысалыға, көптен бері осы уақытқа дейін интернеттен іздесен табыла қалатын «Жанәділ» атты балаларға арналған қазақ мультипликациясы 2013 жылы Алматы қаласының тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша жасалып шыққан халық ертегісі. Бұл көріністі осы күнге дейін 15 676 783 адам көрген. Бұл көрсетілімде тек жобаның авторлары мен фильмді жасаған адамдардың аты-жөні ғана жазылған. Бұл көріністе режисерлер, дизайнер, композитор, дыбыс операторы, сөзін жазғандар, суретші аниматорлар деген кәсібін білетін адамдардың аты да жазылмаған. Осыған орай «кәсібі жоқтың, нәсібі жоқ дегендей», бұл мултипликацияның мағынасы біраз сұрақтарды туындатып отыр. Осыған қоса баршаға танымал халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкер (атақты Алдар көсе ) – өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы ақыл-ойды тәрбиелеуді және басқаруды білетін қарапайым адам айлакер түрлі айлаға барған. Алдар қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты болып көрінеді. Тек осы екі көрсетілім ғана емес тағы да басқа көрсетілімдер жеткілікті. Осындай көрсетілімдер қазақтың ұлттық тәрбиесіне ұласпайтыны туралы және басқа да көптеген сүрақтарымызға Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны психолог, нумеролог, бизнес-кеңесші — Саукимбеков Елнурдан сұхбатымызды алайық.
1967 жылы жарыққа шыққан Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мультфилімі 1968 жылы Ленинградта өткен Бүкілодақтық фестивальде екінші жүлдеге ие болып, әлем елдерінің экрандарында көрсетіліп қазақ мультипликациясы тарихында жоғары бағаланған. Бұндай көрсетілімдерді қазіргі уақытта көрмейтініміз белгілі. Осыған орай ұлттық мультипликациясының дамыту мәселесі қандай болмақ? Тақырыптың басында айтылып кеткен қазақ мультипликациялары туралы не айтасыз? Ұлттық анимация әлемдік даму ісіне ілесе аламыз ба? Шетелден алынған көрсетілімдер қазақ баласына қандай әсерін тигізеді деп ойлайсыз?
Ия, қазіргі кезде теледидарда қазақ баласының дүниетанымына кері әсерін тигізетін, өзге елдің идеологиясын насихаттайтын мултьфильмдер көрсетілуде. Алдымен айтқым келетіні, ең бірінші баланы ерте бастан білу, яғни баланың жан дүниесі өте нәзік болғандықтан, баламен тығыз байланыста болу, сонымен қатар бала сөйлесу арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты түсінікті етіп жеткізу. Алғашқы жылдары бала ата-аналары мен ата-әжелеріне тиесілі. Алайда баланың үнемі дамып келе жатқан белсенділігі тек жақын достарымен ғана шектелмейді. Баланың қалыптасуы, оның өсу деңгейі өскен сайын жақындары, достары, көше, мектеп, интернет, түрлі ақпараттар арқылы және тағы да басқа жан-жақты қарым-қатынастың арқасында көп нәрсені үренуге мүмкіндігі бар. Балаға жастайынан берілген ақпартқа байланысты оның эмоционалды-эстетикалық бағалауы мен жоғары моральдық және рухани құндылықтарының бағасы болашақта көрінеді. Бала сіздің айналаңыздағы әлемді білуге деген құштарлық қозғаушы күші пайда болған кезде, балаға болашақтағы қоғамдағы қажетті тәжірибе мен даналықты, ең жоғары құндылықтарды жеткізе білу. Қоғамның әлеуметтік мәдениеті мен оның деңгейі әрқайсымызға байланысты. Баланың 3-12 жас аралығындағы кезеңде танымдылық пен оқуға бейім, сондықтан сыртқы және эмоционалды тәжірибемен қарым-қатынас орнату үшін адамгершілік пен имандылық нормаларына баулу қажет. Алайда, ата-аналар әрдайым интернет материалдары ұсынатын ақпарат ағымының көздерін қадағалай алмайды, мұндай бейнематериалдар көбінесе мәдениеті төмен немесе даму әлеуеті мен мағынасы жоқ насихаттау толық түрде қол жетімді. Бүгінгі таңда баспа өнімдерінде қажетті әдебиеттің болмауынан балалар интернетке жүгінеді . Отанға, табиғатқа, адамға деген сүйіспеншілік парасаттылық пен ақылға қонымды әрекеттердің негізі болып табылады. Сондықтан өз ұлтының құндылықтарын көрсету үшін тек өз іс-әрекетіңмен байланыстыру, оны кері пайдалануға жол бермеу. Бүгінгі күнде ата-бабаларымыздың мәдениеті мен даналық құндылықтарын ұмытып бара жатқанымызда белгілі. Күнделікті болып жатқан сабақтар мен қосымша сабақтардың болуынан, отанымыздың табиғатының кеңдігі мен байлығын, алтын даламызда шың таулар мен өрістердің рахатына бөлену, атқа отыру, таңертең ылғал шөпке жалаң аяқпен жүгіру, осындай балаға кажетті ақпаратты қайдан алатынын айтқым келіп отыр. Қазіргі заманның балалары бос уақыттары болған уақытта оның назары тек қызықты желілік ойындарды немесе миллиондаған көрінісі бар мультфильмдерді интертнеттен іздестіріп жатады. Ол әрқайсымызға белгілі.Ұлы бабалардан мұра болған мәдениеті мен бай мұрасымен қашан? қай кезде танысады?. Қазіргі өмірдің салтына сүйене отырсақ, бала кітапты, қысқа нұсқаулық әңгімелері бар комикстер форматындағы баспа басылымдарын немесе халықтық эпостар мен ертегілер жазылған мультфильмдерді оқу және көрсетілім арқылы әлемді біле алады.
Отандық жазушыларға назар аударсақ осы материалдардың мазмұны үшін жауаптылық болу керектігін айтқым келді, өйткені қазақ әйелдері аштық пен кедейлікке, соғыс пен ұлы жауынгерлердің құрбан болуына қарамастан, ер адамдар — тектілік пен батылдықтың керемет үлгісін, болашақ ұрпақтарымызға қамқорлық танытып нәзіктік пен тазалықты бейнелейтін барлық мәдениеттің байлығын жеткізу оңай болмаған. Әр ертегінің кейіпкерлері туралы айта кетсек, әр кейпкердің мінез-құлқысы, дауысы, сөйлеген сөзі, іс-қимылына сай келу керек, неге десеңіз ? Сол ертегіні көріп отырған бала, сол жерден өмірде болған және болатынын көрсетілген кейіпкердің сөйлеген сөздері мен іс қимылдарын өзіне тез қабылдап алады. Аудармаға және анимацияда әрекет ететін дауысқа немқұрайлы қарау, немесе 3D анимация, сол сияқты көптеген жағдайларда семантикалық жүктемеден аулақ болу, кейде оны толығымен бұрмалап жібереді. Қазір шетелдік мультипликациаларды көрсетілімге алып оны аудармашылар арқылы кейіпкерледің дауысының келіспейтіндері де көрініп жатқанды да белгілі. Қазіргі заманғы анимацияның өнімдеріне қарап отырған бала, сол мультфильмнің кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін қайталауы мүмкін. Кейіннен бұл түсініктер моральдық ережелер мен нормаларға ауысады. Егер мұндай туындыларда жағымсыз жағы бар кейіпкерлер көрсетілген болса, онда сіз балалардың тікелей қабылдауы туралы есте сақтауыңыз қажет. Жағымсыз әрекеттер жасаған кейіпкерлерді қолданылса , мұны ата-анасы мен туыстары балалар психологына жүгіну керектігін еске салғым келеді. Сонымен қатар, егер ертегілердің мазмұнына апаратын біртұтас тізбек бұзылса, онда мыңдаған жылдар бойына сақталған рухани құндылықтар мен жоғары мәдениеттің қалыптасуы, таусылмайтын қайнар болып табылатын қарапайым халықтық мұрасы ауыздан-ауызға мұқият өткізіп алған көптеген ұрпақтардың байланысы жоғалады. Алдында сіз айтып кеткендей мысалыға, «Жанәділ» ертегісіне тоқтап кетсек, бұл жерде біздің дәстүрімізге сай келмейтінін, сонымен қатар көрсетілімде автор балаларға қандай тәлім-тәрбие беріп отырғанын?, осыған қоса кейіпкер (атақты Алдар көсе ) – өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы ақыл-ойды тәрбиелеуді және басқаруды білген, халқына көмектескен. Ал қазір болса, Алдар қазіргі заманның нағыз алаяғы сияқты болып көрінеді. Енді осы көрсетілімдер өзгеріссіз қала беретіні және осы кейіпкерлердің жағымсыз жақтары балалардың есінде қалмақ. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінің деңгейіне жеткізе алмай отырмыз. Балаларды қызықтыратын, көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасау қажет. Көптеген адамдар назар аударады деп үміттенемін, мүмкін керемет ұлттың рухын бейнелейтін кейіпкерлер қазіргі қоғамда көрініп, болашақта табынушылық пен рөлдік үлгілерге айналатын комикстер мен анимациялардың сериясын шығару туралы бастама болар. Бұл біздің ұрпақтарымыз үшін баға жетпес мұра. Ең бастысы, әрқайсымыз осындай құбылыстарға қарамастан, білім мен қатынастарға жоғары мәдениетті сіңіруді жалғастыруымыз керек.
«Ертексіз өскен бала- рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелер, не шешелері ертек айта бермейді, содан қорқамын. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын»- Бауыржан Момышұлының жазған естеліктерінен.
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған.Жатканбаева М.