Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Қазіргі ауқымды өзекті мәселердің бірегейі де, қауіптісі сыбайластық жемқорлық өзекті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық әлемнің тұрақсыз саяси тұрғыдан дамуына байланыссыз, оның ішінде біздің Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, өміршеңдігі айқын бейнесін көрсетуде. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежеуі ең басты салдары. Сонымен қатар демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп, елдің кеңге арқа жайып болашақта дамуына елеулі қауіп төндіріп тұрғанын саналы әрбір азамат түсінуі керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын жүргізумен қатар онымен қарқынды түрде күрес жұмыстарын жүргізу. Білім беру ордаларында емтихан қарсаңында студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы өз жұмысын жүргізуде. Штаб қызметінің негізгі идеясы жас толқын студенттерімен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру. Ең бастысы — сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу . Сыбайлас жемқорлық іс – әрекетінің соңы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қатаң жазалатындығын, бұндай әрекетке бару ең ауыр жаза екендігін айқын түрде нық сеніммен айта аламыз. Алайда көкірегі ояу, ҚР парасатты азамат пен жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді. Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында.
Мемлекеттің саяси даму жолында жиі аяқтан шалып, дамуды тежеп тұрған коррупция термині болып отыр. Сол себепті, ең алған коррупция сөзін анықтап алатын болсақ, «Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы. Көбіне бұл термин бюрократиялық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылып жүр. Осыған сай термин әдетте бастапқы латын сөзінің бірінші мағынасынан шығатын кең мағынаға ие, әдепсіздік тәртіпті білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан үшін де, Елбасы Н.Ә. Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сол себепті елбасы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен күресті атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама берілген: бұл – «…жеке түрде немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктерді заңсыз алу және мемлекеттік қызмет атқарушы тұлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалардың өз лауазымдық өкілеттіктері мен өкілеттеріне қатысты мүмкіндіктерін мүліктік пайда табу үшін жеке басына пайдалануы, сондай-ақ аталмыш тұлғаларға жеке және заңды тұлғалардың көрсетілген игіліктер мен жеңілдіктерді құқыққа қайшы түрде пара ұсыну жолымен сатып алуы».
Елбасы Н. Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтқанда қоғамның көмегінсіз жемқорлықты жеңу мүмкін еместігін бірнеше рет нақты көрсетіп айтуда. Көбіне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа екі негізгі кейіпкер қатысады: үкімет және жеке меншік секторы. Қағида бойынша азаматтар жемқорлықтың бас құрбанына айналады. Жалпы БҰҰ-ның құжаттарында қолданылатын жемқорлық терминінің халықаралық-саяси анықтамасы мынадай деп берілген: сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік билікті жеке бас пайдасы үшін, үшінші бір тұлғалар мен топтардың мақсаты үшін асыра пайдалану. Ал егер қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет! Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде параны көбірек беруші ғана жеңіске жетеді. Бір қорқыныштысы — сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана-сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады.

С.Асильбеков
Қазақстан Республикасы
Әскери соты Әкімшісінің Ішкі
қауіпсіздік және соттардағы
сыбайлас жемқорлықтың
алдын-алу бөлімінің басшысы