Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығына ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН:
- Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға; адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
-жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге; - мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға; қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
- өзінің іс-әрекетімен, мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
- шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
- қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
- жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
- іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта: - қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде: ұжымда іскерлікті нығайтуға ықпал етуге; әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге , әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жаман қылықтан аулақ болуға тиісті. Сонымен қатар моральдық-әдептілік нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге, негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.
Барлық мамандарға, қызметкерлерге жағымсыз қылықтарға жол бермеу, сотқа жүгінген тараптармен байланыс жасамауды ескертемін.
Жалпы келеңсіз жайларға орын алдырмау басты мақсатымыз.
Зияш Зайнуллина
БҚО, Бөкей ордасы
аудандық сотының
Кеңсе меңгерушісі