Биыл Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясына 28 жыл.
Ата Заң — мемлекеттіліктің ең маңызды белгісі, барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. Мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық төлқұжаты.
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап өзін егеменді, демократиялық мемлекет ретінде қалыптастырудың күрделі жолын еңсерді. Егемендігімізді жарияланған сәттен бастап мемлекетіміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды.
Ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, жалпы дауыс беру арқылы Қазақстан халқы өзінің еркін білдіре отырып 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қолданыстағы Конституцияны қабылдады.
Тәуелсіздіктің төлқұжаты саналатын Ата Заңымыз халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, халқымыздың бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Мемлекеттегі саяси және экономикалық реформалар, тұрақтылық пен келісім, оның халықаралық жетістіктері Конституцияда бекітілген қағидаттармен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта 28 жылдық тарихы бар Ата Заңымыз – мемлекеттілік пен егемендіктің құқықтық негізі, барлық заңнама мен құқық қолдану практикасы негізделген іргелі құжат болып табылады.
Ата заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы терең қамтылғанын айғақтайды. Осы қағиданы негізге алған сот саласы әлемдегі ең ізгі сот жүйелерінің тәжірибелерін ұлттық құрылыммен үндестіріп, елге адал әрі әділ болудың үлгісін көрсетіп келеді.
Елімізге тұрақтылық, ырыс пен ынтымақ, береке – бірлігіміз мәңгілік, болашағымыз жарқын, ел іргесі аман, келешегіміз кемел болғай.
Сейдуан Жанна Бейсбекқызы
Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі Әскери соты
департаментінің
ұйымдастыру-талдау
бөлімінің бас маманы